Осыған дейін де Даниил көптеген жарыста өрелі өнерімен көзге түскен. Атап айтсақ, Аустралияның ашық біріншілігінде (2021, 2022 жылдары) екі рет финалға дейін жетсе, US Open додасында (2021) дара шықты. 2020 жылы Қорытынды турнирде топ жарды. Дэвис (2021) және АТР (2021) кубоктерін ұтты. Барлығы аса ірі халықаралық додаларда 20 реттен аса жеңіс тойын тойлады. Осындай зор нәтижелерінің арқасында былтыр әлемдік рейтингте көш бастады.
Римдегі жүлде қоры 7 705 780 еуроны құраған турнирде де Медведев керемет өнер көрсетті. Бастапқы бәсекелерде Эмиль Руусувуори (Финляндия), Барнабе Сапата-Миралес (Испания) және Александр Зверевті (Германия) ұтса, ширек финалда Янни Ханфманды (Германия) жеңді. Жартылай финалда Стефанос Циципасты (Грекия) жолынан ығыстырған ол финалда Хольгер Рунеден (Дания) басым түсті.
Естеріңізге сала кетейік, әйелдер арасындағы жарыс Қазақстанның теннисшісі Елена Рыбакинаның пайдасына шешілген еді.