Инвестиция • 23 Мамыр, 2023

Венчурлық инвестицияға бетбұрыс

342 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада «Astana Venture Club»-тың болашағы зор технологиялық кәсіпкерлерге инвестиция құйып, қолдау көрсететін «бизнес-періште» қауымдастығының ресми ашылуы өтті. Оған инвесторлар, бизнес-қауымдастықтардың жетекшілері, венчурлық және инвестиция саласының мамандары, меценаттар мен еліміздегі IT-қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Венчурлық инвестицияға бетбұрыс

Клубтың миссиясы – «Astana Hub»­ базасында венчурлық ин­вес­­­тиция мәдениеті мен эко­жүйені дамыту. Бұл қаржылық әле­­уетін арттырғысы келетін отан­дық кәсіпкерлерді баламалы инвес­тициялық мүмкіндікпен таныстыру мақсатында құрылған.

«Еліміздегі «бизнес-періш­те­­лерді» қауымдастықтың бір­ бө­лігі болуға шақырамыз. Бұл – ме­м­ле­кетіміздегі және ше­­тел­дік әлеуетті жобаларға ин­вес­тиция салу арқылы ин­вес­тициялық портфелін ке­ңей­туге ұмтылғандарға тамаша мүмкіндік. Платформамызда іскер «періштелер» өздерінің инвестициясын барынша ұлғайтуға ең жақсы инвестициялық стратегия мен тәсілдерді үйреніп, әлемнің әр түкпірінен келген әріптестерімен білім мен тәжірибе алмасады», дейді «Astana Venture Club» негізін қалаушы әрі жетекшісі Нұрасыл Жарбасов.

Кірісі мен қарқыны жоғары әлеуетті стартаптарды анықтап, оны инвестициялау мақсатында құрылған клуб инвесторлар, кеңесшілер, сарапшылар мен тәлімгерлер үшін өзара көмек пен қолдау ортасын қалыптастыруға күш салмақ.

«Тамаша идеяларды жүзеге асыру­ үшін жобаның әлеуетін ба­ға­м­дай ала­тын «бизнес-періште» қа­жет. Сон­дық­тан­ венчурлық эко­жүйе үшін стартап­тар­ мен кор­порациялар ғана емес, ин­вес­­тор­лар да аса маңызды. Бұл – басты мәселенің бірі. Өйткені онсыз ешқандай даму, нарықты жаңғырта алатын жаңа шешім және инновациялар мен компа­ниялар да болмайды. Бір сөзбен айт­қанда, инвесторлар клубын құру елдің венчурлық экожүйесін да­мыту жолындағы маңызды қа­дам», деді «INVESTORO» ха­­лықаралық инвес­торлар ұйы­мы­­ның президенті Виталий Полехин.

«Astana Venture Club» қыз­ме­­ті­­ әлеуетті инвесторлардан «биз­нес-періштелер» пулын құру­ға, халық­ара­лық деңгейде биз­нес­тің жаңа мүм­кіндіктерін іздеу­ге, желіні да­мы­туға, ком­па­ниялардың портфолио­сын­ қол­дауға, тәжірибе алмасуға, ауырт­­палықтарды бірге көтеруге, инвес­­тициялық табысты артты­ру­ға бағытталған.

«Венчурлық капитал нарығын да­мы­­­­туға бағытталған «Astana Ven­tur­e­­­ Club»-тың мақсаты «Astana Hub»­ мін­дет­­терімен сәй­­кес келеді. Сон­дық­тан біз­дің технопарк «бизнес-періш­­те­лерге» венчурлық инвес­ти­ция әле­мі­не ену мүмкіндігін ұсынатын және инно­ва­циялық ше­шім­дерін енгізуде дарынды IT-кәсіп­керлерге қолдау көрсететін қоғам­дастық құру бастамасын толы­ғымен қолдайды», дейді «Astana Hub» халықаралық техно­паркінің басқарушы директоры Абай Әбсамет.

Жақында «бизнес-періш­те­лер»­­ мек­те­­бінің алғашқы тегін итера­ция­сы өтеді. Сондай-ақ клуб ая­сында тұрақты түрде әртүрлі іс-шара, соның ішінде мықты сарап­шылардың қатысуымен стар­тап­тардың питчингі ұйым­­дас­­тырылады.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024