Тыңдармандары әншіні әлемнің әр қиырынан құттықтап, ыстық лебіздерін білдіріп жатыр.
Дінмұхаммед (Димаш) Құдайберген Қанатұлы 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ата-анасы Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаева Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері.
Димаш бала кезден түрлі ән байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Витебскте өткен «Славян базары-2015» халықаралық ән байқауы жас әншінің бағын ашты. Отандасымыз конкурста бас жүлде иеленді.
Осыдан кейін жас орындаушы бір жылдай Қытайдың «Мен әншімін» жобасына қатысып, талантымен күллі әлемді таңғалдырған еді.