Теннис • 24 Мамыр, 2023

Александр Недовесов Франциядағы турнирдің ширек финалына өтті

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Лион (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Александр Недовесов Франциядағы турнирдің ширек финалына өтті

Недовесов мексикалық Мигель Анхел Рейес-Вареламен бірге алғашқы айналымда отандасы Андрей Голубев – эквадорлық Гонсалов Эскобармен кездесті. Бұл кездесуде қазақстандық-мексикалық жұп 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық-мексикалық дуэтке ширек финал қиынға түседі. Олар жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, америкалық Раджив Рам – ұлыбританиялық Джо Сэлисберимен кездеседі.