Қыздың денесін әкесі тауып алған.
Ер адам қала мен ауыл арасында жолаушы тасымалдаумен айналысатынын айтты. Оның айтуынша, сол күні қаладан қайтып келе жатып, үйді аралап, терезеден қызының асылып қалғанын көрген.
Әкесі оның бірнеше күн бойы олармен сөйлеспей, жабық жүргенін айтты.
Бойжеткен 22 мамыр күні ҰБТ сынағына баруы керек еді, бірақ белгісіз себептерге байланысты бармаған.
Білім басқармасы мектептің 11-сыныбында төрт-ақ оқушы бар екенін түсіндірді. Оқушылар арасында ешқандай қақтығыс байқалмаған.
«Бұл оқиғаға қатысты әзірге ешқандай түсініктеме бере алмаймыз. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деді Ұзынкөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Қайрат Әлиев.
Айта кетейік, өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы бұл ауданда соңғы бес жылда бірінші рет болып тұр.