Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы да өсіп, 62,70 теңгені (+0,16) құрады.
Ұлттық банк еуро бағамын 476,15 теңгеге, рубльді 5,51 теңге белгілеген.
Айырбастау пункттерінде долларды 444-448 теңгеден, еуроны – 477-484 теңгеден, ресей рублін – 5,5-5,62 теңгеден сатып алады/сатады.
Сонымен қатар, нарықта әлемдік мұнай бағасы да өсті.
Мәселен, ICE Futures электрондық сауда-саттығында Brent-тегі шілде фьючерстерінің құны 1,55%-ға, барреліне 78,03 долларға дейін өсті.
NYMEX электронды сауда-саттығында WTI мұнай фьючерстері шілде айында 1,84%-ға қымбаттап, барреліне 74,25 долларға жетті.