Аймақтар • 24 Мамыр, 2023

Абай облысында орман өрті өршіп тұр

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін Абай облысындағы өрт орнына төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков барғаны хабарланған еді. Ведомство жалын шарпыған аумақта 5 тікұшақ су шашып жүргенін қоса хабарлады, деп жазады Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысында орман өрті өршіп тұр

Еске сала кетейік, 22 мамырда сағат 15:25-те Абай облысының Бородулиха ауданында Ауыл станциясынан 7 км қашықтықта құрғақ шөп тұтанып, кейіннен «Семей Орманы» резерваты аумағына көшті. Өрттің жалпы аумағы - 1500 га.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлағандай, бүгін жалын шарпыған аумақ үстінен 5 тікұшақ су шашып жүр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіруге барлығы 434 адам, 109 бірлік техника мен өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

Орман өрті екі ошаққа бөлінді – Ресей шекарасы бойымен шығыс бағытта және шекарадан Бородулиха ауданы Ивановка ауылына қарай ішкі бағытта.

«Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды», деп толықтырды ТЖМ баспасөз қызметі.