Сайыстың ұйымдастырушылары – Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорт түрлерінің федерациясы.
Бәйгенің «Құнан», «Жорға», «Топ» және «Аламан» түрлерінен еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан бағы мен бабы келіскен шын жүйріктер сынға түседі.
Жарыстың жүлде қоры 20 млн теңгені кұрайды.
Дода 4 маусым күні сағат 12:00-де «Қазанат» атшабарында басталады.