Сонымен қатар, іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Жапонияның сыртқы саясат ведомстволарының басшылары қатысты. Сыртқы істер министрлері үнқатысу аясындағы 10 жылдық ынтымақтастықтың нәтижесін қарастырып, жаңа онжылдықтағы өзара тиімді әріптестікті нығайту мәселелерін талқыға салды. ОАЖҮ СІМК күн тәртібіне сәйкес ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету, Мыңжылдық даму мақсаттары мен БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, Ауғанстандағы ахуал, табиғи апаттардың алдын алу секілді мәселелерді қарастырды. Е.Ыдырысов өзінің құттықтау сөзінде жапон тарапына өңір елдерінің Жапониямен ынтымақтастықты нығайтатын маңызды құралдардың бірі болып табылатын «Орталық Азия + Жапония» үнқатысуын ілгерілетуге қосқан белсенді үлесі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол қатысушылардың назарын Орталық Азия аймағында қауіп-қатерлердің күшеюіне байланысты бейбітшілік, тұрақтылық, аймақтағы азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында ынтымақтастықты тереңдету және кеңейтуді жалғастыру қажеттілігіне аударды. «Бұл орайда Қазақстан «Орталық Азия + Жапония» үнқатысуының нығая түсуін, оның аясында ынтымақтастық пен тиісті механизмдердің өміршең жобаларын іздестіруді қолдайды. Біздің қызметіміз тек ықпалдастыққа жағдай жасау, экономикалық қарым-қатынасты нығайту мен дамыту ғана емес, сонымен қатар, таза саяси сенімді арттыру және нәтижесінде Азия құрлығының едәуір бөлігінде қауіпсіз ахуал қалыптастыру», – деп атап өтті қазақстандық министр. Сонымен қоса, кеңесте осыған дейін қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, ОАЖҮ-ге мүше мемлекеттердің өзара тығыз ықпалдасуындағы бастапқы жоба ретінде таңдалған ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу жүрді. Кездесу барысында ауылшаруашылық саласында нақты жобаларды іске асыруды бастау туралы шешім қабылданды. «Біз былтыр Бішкекте өткен ОАЖҮ Жоғары лауазымды тұлғаларының отырысында Жапония тарапының ауылшаруашылық саласында, бизнес топтарды тарта отырып, нақты аймақтық жобаларды іске асыру қажеттілігі туралы бастамасын қолдаймыз. Дәл осы сала Орталық Азия елдері мен Жапонияның аймақтық ынтымақтастығына бастама болады және ынтымақтастықтың басқа да өзара тиімділігі жағынан кем түспейтін салаларында ықпалдастықтың әрі қарай дамуына үлгі болады деген сенімдемін», – деді қазақстандық министр. ОАЖҮ СІМК-нің қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. «Орталық Азия + Жапония» үнқатысуы – 2004 жылы Орталық Азия елдерімен тығыз қарым-қатынасты нығайту мен кеңейту бойынша күш-жігерді ұлғайта түсу және аймақтық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Жапонияның бастамасымен құрылған ынтымақтастықтың жаңа пішіні. Бүгінде ОАЖҮ өңірдің ортақ саяси, экономикалық, сонымен қоса, қауіпсіздік мәселелерін талқыға салатын маңызды алаңға айналды. Бішкекке сапары барысында Е. Ыдырысов Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың қабылдауында болып, Жапония Сыртқы істер министрі Фумио Кишидамен келіссөз жүргізді. Сонымен қоса, кеңесте осыған дейін қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, ОАЖҮ-ге мүше мемлекеттердің өзара тығыз ықпалдасуындағы бастапқы жоба ретінде таңдалған ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу жүрді. Кездесу барысында ауылшаруашылық саласында нақты жобаларды іске асыруды бастау туралы шешім қабылданды. «Біз былтыр Бішкекте өткен ОАЖҮ Жоғары лауазымды тұлғаларының отырысында Жапония тарапының ауылшаруашылық саласында, бизнес топтарды тарта отырып, нақты аймақтық жобаларды іске асыру қажеттілігі туралы бастамасын қолдаймыз. Дәл осы сала Орталық Азия елдері мен Жапонияның аймақтық ынтымақтастығына бастама болады және ынтымақтастықтың басқа да өзара тиімділігі жағынан кем түспейтін салаларында ықпалдастықтың әрі қарай дамуына үлгі болады деген сенімдемін», – деді қазақстандық министр. ОАЖҮ СІМК-нің қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. «Орталық Азия + Жапония» үнқатысуы – 2004 жылы Орталық Азия елдерімен тығыз қарым-қатынасты нығайту мен кеңейту бойынша күш-жігерді ұлғайта түсу және аймақтық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Жапонияның бастамасымен құрылған ынтымақтастықтың жаңа пішіні. Бүгінде ОАЖҮ өңірдің ортақ саяси, экономикалық, сонымен қоса, қауіпсіздік мәселелерін талқыға салатын маңызды алаңға айналды. Бішкекке сапары барысында Е. Ыдырысов Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың қабылдауында болып, Жапония Сыртқы істер министрі Фумио Кишидамен келіссөз жүргізді.
Саясат • 17 Шілде, 2014
«Орталық Азия + Жапония» үнқатысуы – өңір елдері мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын маңызды құрал
Кеше Бішкекте Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «Орталық Азия + Жапония» үнқатысуына (ОАЖҮ) мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің 5-ші мерейтойлық кеңесіне қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:10
Президент: Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, оны елімізде және шетелде кеңінен дәріптеуіміз керек
Президент • Бүгін, 14:51
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:48
Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады
Президент • Бүгін, 14:33
Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 14:20
Тоқаев: Жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне «Әл-Фараби» ордені енгізіледі
Президент • Бүгін, 14:05
Биыл әскери жиындарға қанша азамат шақырылады?
Әскер • Бүгін, 13:56
Мемлекет басшысы : Құқықтық нигилизмге жол жоқ
Президент • Бүгін, 13:50
Президент Конституцияны әзірлеуге үлес қосқан ғалымдарға ризашылығын білдірді
Президент • Бүгін, 13:43
Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
Сайлау • Бүгін, 13:37
Мемлекет басшысы: Еліміз үшін қолданбалы ғылымды дамыту – аса маңызды міндет
Президент • Бүгін, 13:32
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс
Ғылым • Бүгін, 13:22
Президент: Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі
Президент • Бүгін, 13:17
Абай облысында азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаға тартылды
Кәсіпкер • Бүгін, 13:10
