Қоғам • 25 Мамыр, 2023

Алматы маңында гүлдер алқабын таптап өткен жүргізуші көпшіліктің ашуын туғызды

388 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желідегі көздің жауын алатын қызылтаңдай гүлдер алқабына BMW көлігімен кіріп,, дриф жасаған жігіттің видеосы көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Алматы маңында гүлдер алқабын таптап өткен жүргізуші көпшіліктің ашуын туғызды

25 мамырда Instagram-да жарияланған видео сипаттамасында бұл: «Талдықорған - Қонаев тас жолы маңындағы Арқарлы асуы мен Шеңгелді елді мекені аралығындағы сұлу дала» екені жазылған.  

Бұл видеоға пікір қалдырушылар жүргізушінің оспадар әрекетіне наразы болды:

«Міне, осындайлардың кесірінен біздің еліміз әлі 500 жыл бүккен тізесін тіктей алмайды»,«адамдар қоршаған ортаға деген осындай тұтынушылық көзқарасын қашан қояды», «бұл жабайылық үшін 1 000 000 теңге айыппұл салу керек! Содан кейін ол келесі жолы ойланатын болады», «Неліктен біздің адамдар үнемі бәрін бұзуға дайын тұрады?», «3 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру керек», деп ойларын ортаға салды.                                                                                                                                                                                                                                                    

Жетісу облысының полициясы желідегі видеоны тексеріп, BMW иесі Кербұлақ ауданының 34 жастағы тұрғыны екенін анықтады.

«Жүргізушінің іс-әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабында көзделген бұзушылық (жасыл желектерді ұстау және қорғау ережелерін бұзу) орын алғаны байқалады. Белгілі болғандай, қазіргі уақытта ер адам жұмыс сапарында, қайтып оралғаннан кейін ол қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады», деп түсіндірді Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.