«Одақ құрудағы негізгі мақсаттардың бірі – үшінші елдерден барынша күшті, үйлесімді бірлескен ұстаным негізінде тиімді сауда шарттарын алу. Интеграцияланған ұйымдармен, елдермен жүйелі диалогты жалғастыру маңызды. Олармен әріптестік орнату біз үшін экономикалық мүдденің мәселесі», деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, ол одақтың үшінші елдермен әріптестік орнату шараларын тездетуді ұсынды.
«Комиссияның Біріккен Араб Әмірліктерімен, Үндістанмен, Мысырмен, Индонезиямен, Изралильмен еркін сауда аймағы туралы келісім бекіту бағытындағы жұмыстарды жедел аяқтағаны абзал.
ШЫҰ, ASEAN, МЕРКОСУР және өзге де халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды сапалы түрде күшейту керек. Мұндай әріптестікке қызығушылық ол жақтан да бар деп ойлаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан Президентімен қатар Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қатысатыны айтылған болатын.