Қоғам • 26 Мамыр, 2023

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы студенттерге білім беру гранттарын бөлді

346 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бірден екі жоғары оқу орнында Қарағанды индустриялық университетінде және академик А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның білім беру гранттары салтанатты жағдайда тапсырылды.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы студенттерге білім беру гранттарын бөлді
«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ ректоры Болатбек Әбдірәсілов құттықтау сөзіндестуденттерді кешенді қолдау мамандардың жаңа буынын қалыптастырудың стратегиялық бағыты екенін атап өтті

«Біздің жоғары оқу орнымызды құрудан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен қарым-қатынасымыздың табысты тарихы бар. Біз осы дәстүрді сақтап, дамытуды жалғастырып отырмыз. Қазір негізгі міндет өнеркәсіп үшін, соның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ үшін жоғары білікті кадрларды даярлау. Бірақ біздің ынтымақтастығымыз тек мамандар даярлаумен және оларды металлургия комбинатына жұмысқа жіберумен шектелмейді. Біздің күш-жігеріміз жұмыс берушілер, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мамандары белсене қатысатын білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын әзірлеуден бастап қызметтің кең ауқымына бағытталған», деді Болатбек Әбдірәсілов.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Владимир Яблонский өз кезегінде тау-кен және металлургия өнеркәсібі мамандарына сұраныс жоғары екенін атап өтті.

Ит

– Мен де осы жоғары оқу орнының түлегімін. Бүгінде тау-кен және металлургия өнеркәсібінде жоғары білікті кадрлар тапшылығы бар екені жасырын емес. Біз осы саланың беделі бұдан біраз уақыт бұрын түсіп кеткенін мойындаймыз. Ал қазір өнеркәсіп өз жемісін беріп, еліміздің сұранысқа ие негізгі салаларының біріне және экономиканың негізіне айналғанын көріп отырмыз. Тау-кен және металлургия өнеркәсібіне жұмысқа баруды ұйғарған жастардың алдарынан зор мүмкіндік ашылады. Болашақ технологиялар мен инновацияларды құруда сіздердің машықтарыңызбен білімдеріңізді ештеңе алмастыра алмайтынболады, - деді Владимир Яблонский студенттерге. – Сіздер осы салаға елеулі үлес қосып, табысқа жететіндеріңізге сенімдімін. Бүгін грант алған барлық студент конкурстық іріктеуден өткенін атап айтқым келеді. Бұл тек грант үлестіру емес, сонымен қатар білімділігін ғана емес, осы саладақызмет етуге деген ынта-ықыласын, амбициясы мен ұмтылысын көрсете білгендерге арналған марапат деуге болады. Баршаңызға табыс тілеймін!

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның персонал жөніндегі директоры Елена Винокурова ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен бейінді жоғары оқу орындарының тығыз ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

- Ғылым мен өнеркәсіптің симбиозы ұлттық экономиканы дамытудың бірден-бір жолы, - деді Елена Винокурова. - Біз студенттерімізге, олардың болашағына және өңірімізде техникалық мамандықтар кадрларын даярлаудың үздіксізжүргізілетініне сенеміз. Жастарға үлкен табыс пен өсіп-өрлеу тілейміз. Олардың альма-матер қабырғасында алған білімі біздің компаниямыздағы болашақ табыстарының іргетасы болғай!

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетімен де тығыз әрі жемісті ынтымақтастық орнатқан.

Ит

- «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен біз ғылыми қызмет саласында да, білім беру саласында да, студенттерімізді өндірістік практикадан өткізудеде бұрыннан ынтымақтаса жұмыс істеп келеміз. «АрселорМиттал Теміртаудың» мыңдаған адамдық ұжымына Отанымыздың игілігі жолында жемісті жұмыс және ең бастысы кәсіпорынға өркендеу тілеймін! - деді «А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ атқарушы директоры Аристотель Исағұлов.

Конкурс қорытындысы бойынша ҚарИУ-дың 20 студенті және ҚарТУ-дың 50 студенті білім гранттарын алды.

Осы ретте тағы бір айта кетерлік жайт – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның білім беру гранттарын алу мүмкіндігі компания кәсіпорындарының өз біліктілігін арттырып, кәсіби дамуын жалғастырғысы келетін жұмыскерлеріне де берілген.