ҰБТ басталғалы бері шекті балды 76%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балл - 68. Ең жоғары балл – 137.
«Негізгі ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Тестілеу 5 шілдеге дейін өтеді. Тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестіленушілердің басым бөлігі, атап айтқанда, 20%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын тапсырды. 14%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалатын комбинация – «Химия-Физика», оны 50 адам тапсырған», деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.