Теннис • 27 Мамыр, 2023

Ролан Гаррос турнирі: Рыбакинаның алғашқы матчтағы қарсыласы анықталды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы («Ролан Гаррос-2023») алғашқы кездесуінде чехиялық теннисші Бренда Фругвиртовамен ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ролан Гаррос турнирі: Рыбакинаның алғашқы матчтағы қарсыласы анықталды

Бренда Фругвиртова WTA рейтингінде 146-орында тұр. Ол небәрі 16 жаста.

Матч ертең, 28 мамырда өтеді.

Ал тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бірінші раундта бельгиялық Марина Заневскаямен ойнайды. Юлия Путинцева мұның алдында Рабаттағы (Марокко) турнирдің ширек финалында аргентиналық теннисші Хулия Риерадан жеңіліп қалған еді.

Сонымен қатар, ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликтің де алғашқы матчтағы қарсыласы белгілі болды. Ол италиялық теннисші Джулио Зеппьеримен ойнайды.

Ал Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов алғаш рет теннистен 2023 жылғы Франциядағы ашық чемпионаттың негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Ол кеше, 26 мамырда іріктеу кезеңінің финалында бразилиялық Фелипе Мелиген Альвесті жеңген еді.