Оқиға • 28 Мамыр, 2023

Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті

2202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 мамыр күні екі бала Ырғыз өзеніне батып кеткен. Біріншісінің мәйіті сол күні, ал екіншісі 28 мамырда түнде табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті

28 мамырда сағат 01:25-те 12 жастағы жасөспірімнің мәйіті бес метр тереңдіктен табылған.

Құтқарушыларға 27 мамыр күні сағат 16:45-те Құрылыс ауылынан бұзау іздеуге шығып, оралмаған 6-сынып оқушыларының жоғалып кеткені туралы хабар түскен.

Біріншісінің мәйіті сол күні сағат 18:30-да табылды.