Бүгінгі өскен өмірде мұндай жайлар таңсық емес. Денсаулық сақтау, құқық қорғау, мәдениет, білім беру және спорт саласы мекемелерінің автопаркі жыл сайын жаңа автомобильдермен толығып жатуы қалыпты құбылысқа айналғаны белгілі. Әйтсе де, осындайғы әр сәт ерекше де қуанышты оқиға ретінде есте қалуымен елеулі. Кеше Қарағанды облыстық ІІД автокөлік құрамы бірден қызметтік 153 жүрдек машинаға ұлғаюы сондай жайт болды. «Шкода», «Тойота Хайс», «Нива» маркалы темір тұлпарлар қоғамдық тәртіп сақшылары қолына тиді. Соның ішінде жол күзеті қызметіне арналған «Тойота Хайстың» жол ережесін бұзушыларды, қуып әкетушілерді, айыппұл төлемеушілерді тез анықтаудың құрал-жабдықтарымен толық жарақталған түрі қабылдаушыларды қуантты.
Автомобильдерді тапсыру рәсімі Тәуелсіздік алаңында өтті. Алдымен қаз-қатар тізілген арнаулы көліктердің ішкі жабдықталуын көрген облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Елбасының тапсырмасына сәйкес құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында барлық іс-шаралар қолданылуын, мәселен, жергілікті бюджеттен осы мақсатқа 11 млрд. теңге бөлінуін айтып, кілттерді облыстық ІІД бастығы, генерал-майор Мергенбай Жаппаровқа табыс етті.
Машиналардың біразы аудандардың учаскелік инспекторларының пайдалануына берілді. «Бұл қызметтік автокөліктердің жұмысымызға зор көмегі тимек. Соның арқасында қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстардың ізін суытпай ашу жеңілдейтіні даусыз. Мемлекетіміздің міндетімізді атқаруға жақсы жағдай жасауы жауапкершілікті күшейтеді», деді Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылдық округінің учаскелік инспекторы Тұрар Құсаев.
Былтыр да осынша арнаулы көлік берілген ІІД автопаркі тағы бірнеше түрімен толықты.
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
Саясат • Бүгін, 12:45
Эбола безгегінен қаза тапқан адам саны 149-ға жетті
Әлем • Бүгін, 12:21
Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды
Экономика • Бүгін, 11:47
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 11:32
Австралия құрамасы Түркияны 2-0 есебімен ұтты
Спорт • Бүгін, 11:12
Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар қос алтынға қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 10:59
Қазақ сәулет өнерінің көрнекті өкілі Алмас Ордабаев өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:39
Денсаулық • Бүгін, 10:06
Семейдегі аспалы көпірден құлаған ер адам құтқарылды
Құтқарушы • Бүгін, 08:46
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Экономика • Бүгін, 08:35
Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, найзағай және қатты ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 08:23
Шотландия әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Спорт • Бүгін, 08:01
Марокко мен Бразилия жеңімпазды анықтай алмады
Спорт • Бүгін, 05:09
Катар мен Швейцария құрамасы тең түсті
Спорт • Бүгін, 02:05