Таным • 29 Мамыр, 2023

70 жыл күткен тәж

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чарльз ханзада патша болғанға дейін британ тағының мұрагері ретінде барлық рекордтарды жаңартты. Ол бұл рөлге 70 жыл дайындалған, ал  таққа отырған кезде ең кәрі монарх атанды.

70 жыл күткен тәж

Ол 63 жыл бойы Уэльс ханзадасы болды. Ал қазір – 74 жаста. Ең ұзақ тақта отырған патшайым ІІ Елизаветаның үлкен ұлы Чарльз Филипп Артур Джордж Маунтбаттен-Виндзор патша Карл III атымен 6 мамыр күні таққа отырды.

Карл III 1948 жылдың 14 қарашасында дүниеге келген кезде оның анасы әлі патшайым болған жоқ еді. Төрт жыл өткен соң атасы патша Георг VI қайтыс болғаннан кейін ғана Елизавета таққа отырды. Келесі жылы жас Чарльз Вестминстер аббаттығында анасының тәж кию рәсіміне қатысқан еді.

Патша болғанға дейін Чарльз елде бірқатар қызмет атқарған. Анасының атынан ресми ашылуларға қатысып, шетелдік мәртебелі меймандармен де кездесті. 2013 жылы алғаш рет Достастық елдері үкімет басшыларының отырысына қатысты. 2022 жылы Елизавета II денсаулығына қатысты шағымдана бастаған. Осылайша Чарльз  Парламенттің дәстүрлі ашылу салтанатында алғаш рет Патшайымның орнына сөз сөйледі. 

Ерлан КИІКБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті