Қаржы • 29 Мамыр, 2023

Доллар бағамы төмендеді

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) ұсынған деректерге сілтеме жасап.

Доллар бағамы төмендеді

Күндізгі сауданың нәтижесіне сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 1,02 теңгеге төмендеп, 444,45 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 27-29 мамырдағы бір долларға арналған ресми бағамы 445,68 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 442,20 теңгеден сатып алынып, 446,23 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 443,92 теңге, сату – 446,60 теңге.