Білім • 29 Мамыр, 2023

NIS шәкірттері халықаралық олимпиадаға жолдама алды

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 24 оқушысы World Scholar’s Cup халықаралық олимпиадасының аймақтық кезеңіне қатысып, Доха, Сеул, Лондон, Сямынь, Бангкок, Голд-кост қалаларына шақырту алды. Аталған білім сайысы Алматы қаласындағы Galaxy халықаралық мектебінде өтті.

NIS шәкірттері халықаралық олимпиадаға жолдама алды

World Scholar's Cup академиялық олимпиадасы болашақ ғалымдар мен көшбасшылардың жаһандық қауымдастығы болып саналады. Бүгінге дейін өзекті мәселелер мен идеяларды талқылау үшін әлемнің әр түкпірінен оқушылардың басын біріктіріп, оларға жаңа қырларын ашуға, алған білімін іс жүзінде қолдана білуге және өздерінің көшбасшылық қасиетін шыңдауға жол ашуда. Мектептің ағылшын тілі мұғалімі А.Серғалиева және А.Қуанышқалиеваның жетекшілігімен аға лигаға аттанған зияткерлер Team Challenge, Debate Champions, Team Bowl, Writing Champions, Challengesubjects, Team Debate, Team Writing, Championscholars санаттары бойынша алтын және күміс медальдарға ие болды. Оның ішінде 9-сынып оқушысы Дана Қожанияз барлық санат бойынша ең жоғары ұпай алып, School Top Scholars номинациясымен марапатталды. Нәтижесінде оқушылардың озық ойлары мен қарым-қабілеті жоғары бағаланып, халықаралық кезеңге жолдама алды.

Қатысушылар командалық дебат, бірлескен шығармашылық жұмыс, командалық сұрақ-жауап және тест бойынша сынға түсті. Шет елдерге шақырту алып шабыттанған шәкірттер алдағы уақытта мектеп беделін әлемдік деңгейде биіктеткісі келеді.

..

 

Батыс Қазақстан облысы