Бокс • 29 Мамыр, 2023

Қазақстан бокс федерациясының президенті ұлттық құраманы құттықтады

577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚБФ президенті Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) рейтингінде көш бастап тұрған ұлттық құрамаға арнайы құттықтау жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан бокс федерациясының президенті ұлттық құраманы құттықтады

«Қадірлі бокс сүйер қауым!

IBA сайтында осы спорт түріндегі үздік елдердің жаңартылған рейтингісі жарияланды. Қазақстан көш басындағы жеке дара орнын сақтап қалды! Осыған орай, мен елімізді осындай ерекше жетістікпен құттықтаймын! 

Бұл спортшылар, жаттықтырушылар, дәрігерлер, мемлекетіміздің, федерацияның және әрине жанкүйерлеріміздің ортақ жеңісі!

Ең бастысы, біз еліміздің, халқымыздың сенімін ақтадық. Біздің міндетіміз - Қазақстанның көк туын ең ірі халықаралық турнирлерде биікке көтере беру!

Өзімнің және Қазақстан бокс федерациясының атынан алғыс айтамын», делінген құттықтауда.

..