Президент • 29 Мамыр, 2023

Президент С.Мұқанов атындағы Қазақ сазды-драма театрына барды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Солтүстік Қазақстан облысының орталығында жаңадан бой көтерген Қазақ сазды-драма театрының ғимаратын аралап көрді. Президент «Мағжан» пьесасынан үзінді тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент С.Мұқанов атындағы Қазақ сазды-драма театрына барды

Осы шығармашылық ұжымда көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан театр директоры Біржан Жалғасбаев өнер ордасының ұжымы бертінге дейін «Энергетиктер сарайын» паналағанын, осы жылдар ішінде түрлі жанрда қойылымдар сахналап, халықаралық, республикалық байқауларда жүлде алғанын жеткізді. Оның айтуынша, жаңа ғимаратқа көшкен ұжым репертуарын жаңартуға, шетелдік және отандық өнер ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнатуға мүмкіндік алды.

..