Дін • 29 Мамыр, 2023

Астанада «Ислам – ізгі қоғам жаршысы» тақырыбында форум өтті

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Ислам – ізгі қоғам жаршысы» тақырыбына арналған республикалық V имамдар форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада «Ислам – ізгі қоғам жаршысы» тақырыбында форум өтті

Форумға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысып, Мемлекет басшысының құттықтауын оқыды. 

Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сөз сөйлеп, дін саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Алқалы жиынға Бас мүфти, Ғұламалар, Сарапшылар кеңесінің мүшелері, медресе-колледж бен қарилар орталығының директорлары, сондай-ақ еліміздің әр аймағынан келген 350 имам қатысты.

Басқосуда «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі», «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі» және «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы қатарлы бірнеше құжат қабылданып, форум соңында арнайы үндеу жарияланды.

.