Қоғам • 30 Мамыр, 2023

Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық жедел-құтқару жасағы Аюсай шатқалында адасып кеткен үш туристі құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды

29 мамыр түнгі сағат 01.06-да республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Аюсай шатқалында ер адам жоғалып кеткені туралы Алматы төтенше жағдайлар департаментінен хабарлама келіп түсті.

Үш адамнан тұратын туристер тобы Аюсай шатқалына кеткен. Алайда кеш түскенше туристер үйлеріне оралмаған. Олардың туыстары Алматы қалалық ТЖД-ға хабарласып, көмек сұраған.

Оқиға орнына жеке құрамның 7 адамы бар жедел топ, оның ішінде 1 кинологиялық есеп іздестіру-құтқару жұмыстарын істеген.

Сағат 03.10-да ТЖМ қызметкерлері Аюсай шатқалына келіп, іздеуге кірісті. Құтқарушылар 2 топқа бөлінді: біріншісі Космостанция аймағынан іздеуді бастады, ал екіншісі Проходное шатқалынан өтті.

«Жоғалған туристер Аюсай шатқалындағы екінші сарқыраманың үстінен табылды. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмаған. Нәтижесінде үш адам, 1993 жылы туған ер адам және Ресейдің екі азаматы - 1990 жылы туған әйел және 1980 жылы туған ер адам құтқарылды», деп хабарлады Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы тауларында жоғалып кеткен Аустралия азаматының мәйіті Аюсай шатқалынан табылған еді.