Бұл жиын 2 маусым сағат 11.00-де Астана қаласындағы Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияда өтеді.
Оған түрлі облыстар мен өңірлерден түрлі қызмет салаларының көрнекті өкілдері, мәдениет және өнер майталмандары қатысады.
«Форум өткізудегі мақсат жастардың мемлекеттік рәміздерге құрметі мен патриоттық сезімін арттыру, мемлекеттік рәміздерді ұлттық бірегейлікті бекітудегі ажырамас бөлігі ретінде жүйелі таныту. Сонымен бірге тәуелсіздігіміздің негізгі белгісі саналатын мемлекеттік рәміздерімізді патриоттық тәрбиелеу жүйесінің маңызды элементі ретінде орнықтыру», деп хабарлады Мәдениет министрлігі.
Сонымен қатар форум аясында өз саласының ең лайықты және көрнекті тұлғалары түрлі салалардағы жетістіктері үшін марапатталады.