Білім • 31 Мамыр, 2023

«Болашақ» стипендиясына өтінім қабылдау басталады

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 маусымда «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдаудың үшінші легі басталады. Өтінімдер 7 шілдеге дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасап. 

«Болашақ» стипендиясына өтінім қабылдау басталады

2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде:

  • магистратура және резидентураға – 395;
  • докторантураға – 50,
  • тағылымдама бағдарламаларына – 110 стипендия.

Басым мамандықтар тізімінде 262 мамандық бар.

«Биыл «Болашақ» стипендиясы аясында үміткерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді. Енді конкурсқа шетелдік жоғары оқу орны немесе ұйымнан академиялық оқуға гранты бар үміткерлер де қатыса алады. Бұл ретте «Болашақ» бағдарламасы білімгердің тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, ұшу, визалық алымдар, оқу материалдарын сатып алу шығындарын өтейді. Сондай-ақ еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқарады», деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Еске салайық, бұдан кейін өтінімдер 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында қабылданады.

Соңғы жаңалықтар