«Қазгидромет» РМК мәліметінше, батыс облыстар мен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ғана найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
«Ауа температурасының бірте-бірте көтерілуі күтіледі. Күндіз еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде күн +36-41 градусқа дейін, шығыста +28-33 градусқа дейін, орталықта +30-39 градусқа дейін, оңтүстікте +37-43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +30-37 градусқа дейін ыстық болады», делінген хабарламада.