Таным • 31 Мамыр, 2023

Gallup тесті туралы білесіз бе?

1143 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Адам баласының бойында өзіне тән ерекшеліктер мен ерекше қасиеттер болады. Gallup (CliftonStrengths34) қоғамдық институтының зерттеуі бойынша, адам өзінің озық тұстарын біліп, тиімді пайдаланса, өмірі жақсы жаққа өзгереді.

Gallup тесті туралы білесіз бе?

Gallup - адам бойындағы 34 қасиетті анықтауға арналған ең тиімді тест. Тестті 1999 жылы америкалық психолог Дональд Клифтон қолданысқа енгізген. Көпшілік оны Gallup деп атағанымен тесттің ресми атауы – CliftonStrengths34.

Тестің негізгі мақсаты – адамдардың мықты қабілеттерін анықтау арқылы сол бағытта дамыту. Ақылы негізде тапсырылатын тесттің құны - 50 доллар, теңгеге шаққанда - 22 500 тг. Тест 177 сұрақтан тұрады, әр сұраққа 20 секунд уақыт беріледі. Тесттің дұрыс нәтижесін көргіңіз келсе, көп ойланбай, шынайы жауап бергеніңіз жөн. Толтырғаннан кейін нәтижесі бірден көрінеді. Сонымен қатар, бұл тест қабілетіңізді арттыру жолында нақты әрекеттерді ұсынады. Тестті аяқтағаннан кейін жауаптарға қарай шамамен 25 беттен тұратын тест нәтижесі беріледі. Сол нәтижені Gallup тестінің анализын жасайтын арнайы мамандармен бірге талдайсыз.

Тест адам бойындағы таланттарды төрт бағанға бөледі:

1) Орындаушы;

2) Ықпал етуші;

3) Қарым-қатынас құрушы;

4) Стратегиялық ойлау қабілеті.

Сонымен қатар, 34 қабілетті даму бейімділігіне қарай ретімен көрсетіп береді. Бастапқы 10 қабілет – сіздің ең күшті талантыңыз. Тесті Gallup.com сайтына кіріп, онлайн төлем жасап, орыс тілінде тапсыра аласыз. Тағы бір қызығы, әлемдегі ең мықты компаниялардың 90 пайызы адамдарды осы тест бойынша жұмысқа қабылдайды екен.

 

Саяжан ҚҰДАЙБЕРГЕН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті