Қазақстан • 31 Мамыр, 2023

Тұңғыш Президентті қорлағаны үшін жазаға тартатын баптар жойылады

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізгені үшін жазаға тартатын 373 және 374-бапты алып тастауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұңғыш Президентті қорлағаны үшін жазаға тартатын баптар жойылады

Снежанна Имашеваның айтуынша, жуырда бұл баптар өз күшін жояды.

Тұңғыш Президентке тіл тигізгені үшін жауапкершілік туралы бапты алып тастау туралы норма мәжілістің қарауына енгізілмек.

Депутат түсіндіргендей, Конституцияда «Елбасы» деген мәртебе қарастырылмаған, өкілеттіктері де көрсетілмеген, сондықтан бұл баптар енді қажет емес. Депутаттың айтуынша, аталған баптарға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылмайды, ешқандай жаза қолданылмайды.

«Активтерді қайтаруға қатысты заң жобаларының барлық пакетін қабылдаған кезде, бұл нормалар да алынып тасталады. Осы нормаларды Мәжілістегі біздің комитет қарастырып жатыр. Тіл тигізгені үшін қарастырылған жауапкершілік нормасы жойылады», деп түсіндірді Имашева.