Аймақтар • 31 Мамыр, 2023

Тіл жанашырлары

550 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырауда ұлт ұстазы Ахмет Байтұр­сы­н­­ұлы атындағы рес­пуб­ли­калық бай­­қау өтті. Тіл саясаты комитеті ұйым­­дастырған бай­қау­ға еліміздің әр өңі­рін­дегі тілдерді оқыту орта­лық­та­ры­ның­ оқы­­ту­шылары қатысты.

Тіл жанашырлары

Үш кезеңнен тұратын бай­қау­ға А.Байтұр­сын­ұлы атындағы Білім академиясының дирек­то­ры,­ ахметтанушы, филология ғылым­­да­рының кандидаты Ұлан Еркін­бай төрағалық етті. Ал қазы­лар алқасы білікті педагог-әдіс­­кер­­лер мен ғалымдардан құралған.

– Жыл сайын өтетін бұл бай­қау­дың бас­ты мақсаты – ұлт ұста­зының әдістемелік ең­бек­­­те­рін зерделеу арқылы тілді мең­гертуге қатыс­ты ұтымды әдіс-тәсілдерін насихаттау.­ Сон­­дай-ақ оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетіл­­діріп, ересектерге қазақ тілін үйретудің сапа­сын арттыру, өзара тәжірибе алмасу, – деді Ұлан Еркінбай.

Бай­қаудың алғашқы кезеңінде қа­ты­­су­­шылар өзін және авторлық бағ­дар­ла­ма­­сын таныстырды. Бұдан соң отандық және ше­телдік танымал әдіскерлердің сөйлеудің 4 дағ­дысын үйретуге ұсынған тиімді әдіс-тәсіл­дері мен әдістемелері, пікірлері туралы сұрақ­тар берілді. Қатысушылар ұяшықта жасы­рылған қос сұраққа жауап берді. Үшінші бөлімде үміткерлер өзге этнос өкілдерінен құралған топқа оқу, жазу, тыңдау және айту түрлеріне байланысты тапсырма беріп, 20 минуттық дәріс өткізді.

Қазылар алқасының шешімі­мен байқаудың бас жүлдесі мен 500 мың теңгеге Қызылорда облыс­тық тілдерді оқыту орта­лы­­ғының мемлекеттік тіл оқыту­шы­сы Гүлжанат Дүзенова лайық деп­ танылды. Бірінші орынның 350 мың теңгелік жүлдесін Жеті­су облыстық «Тіл» оқу-әдіс­те­мелік орталығының мемле­кет­тік тіл оқытушысы Жанар Елес­баева иеленді. Екінші орын мен 250 мың теңге жүлдені Ақтө­бе облысындағы Тілдерді оқы­ту орталығының әдіскері Ақмарал Нұржанова мен Қара­ған­ды облысының тілдерді оқы­ту орталығының әдіскері Мунира Ағымбаева жеңіп алды. Үші­н­ші орынның 200 мың теңгелік жүлдесіне Жамбыл облысы Қордай аудандық тіл­дер­ді оқыту орталығының қа­зақ­ тілі оқыту­шы­сы­ Алтынай Әшім­хан, Қостанай облыстық «Тіл­дарын» облыстық тілдерді оқы­ту орталығының әдіскері Гүл­мира Кірікпенова, Ақмола облыс­тық оқу-әдістемелік орталы­ғы­ның оқытушысы Айман Жа­қа­нова лайық деп танылды. Сон­дай-ақ бірнеше қатысу­шы­ға­ ынталандыру сыйлығы мен 70 мың­ теңге берілді.

 

Атырау облысы