Аймақтар • 31 Мамыр, 2023

Жүгіріп жүріп қоқыс жинады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әдетте еңбекқор, тынымсыз адамның атқарған жұмысын бағалағанда, «жүгіріп жүріп қызмет етті» деп сипаттап жатамыз ғой. Осы сипатты тура мағынасында экологиялық іс-шараға қатысты да қолдануға болады екен. Мұның бір көрінісі – мектеп бітіруші түлектердің айналаның тазалығына тигізген қолғабысы.

Жүгіріп жүріп қоқыс жинады

Сенбі күні облыстық білім басқармасы «Түлек­терден – табиғатқа!» деп аталатын плоггинг ұйым­дастырды. Плоггинг «жүгіріп жүріп қоқыс жинау» деген мағына береді. Швед энтузиасі Эрик Альстрем 2016 жылы негізін қалаған жеңіл-желпі, көтеруге жарайтын, салмақ түсірмейтін қоқысты тазарту мақсатын көздейтін экологиялық іс-шара жылдан-жылға біздің елімізде де танымал болып келеді.

Плоггингке облыс бойынша мұғалімдер,  ата-аналарымен бірге биылғы мектеп бітіруші 1 420 түлек қатысты. Олар плоггингті «Біз таби­ғатты қорғаймыз!» ұранымен өткізді.

 

Ұлытау облысы