19 Шілде, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 696

228 рет
көрсетілді
20 мин
оқу үшін
2014 жылғы 23 маусым,  Астана, Үкімет Үйі Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 696 қаулысымен бекітілген Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына шығындардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және соның шегінде (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) шитті мақта мен мақта талшығының сапасын сараптау құнын өтеуге субсидия төлеу тәртібін айқындайды. 2. Бюджеттік субсидиялар осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес мына бағыттар бойынша бөлінеді: 1) мақта иелеріне мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптау құнын толық өтеу; 2) мақта иелеріне мақта талшығының сапасын сараптау құнын толық өтеу. 3. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде облыстың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады. 4. Шитті мақтаның және мақта талшығының сапасын сараптау құны өтелінетін мақта иелерінің тізімін анықтау үшін облыс әкімінің шешімімен құрамына облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – басқарма), агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның аумақтық инспекцияның, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) құрылады. Басқарма ВАК-тың жұмысшы органы болып табылады. 5. Басқарма бюджеттік субсидиялар алу үшін құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күнін белгілейді, облыс әкімдігінің интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарда құжаттарды қабылдаудың басталуы және аяқталуы туралы хабарландыруды және басқа да қажеттi мәлiметтердi орналастырады. 6. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісім бойынша шитті мақтаның бір сынамасын сараптау құны мен мақта талшығының бір сынамасын сараптау құны белгіленеді. 7. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру құқығына аккредиттелген шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі зертханалар (орталықтар) шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушілер болып табылады. Қызметті көрсетуші шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 868 қаулысымен бекітілген Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларына сәйкес жүргізеді. Шитті мақтаның иелері шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алушылар болып табылады. 8. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған сараптау ұйымы мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші болып табылады. Көрсетілген қызметті жеткізуші мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 қаулысымен бекітілген Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алушылар мақта талшығының иелері болып табылады. 2. Мақта иелеріне мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасы сараптамасының құнын толық өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібi 9. Бюджеттік субсидиялар шитті мақта иелеріне мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақта сапасы сараптамасының шығындарын толық өтеуге арналады. 10. Шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші мақта қабылдау пунктiнде шитті мақтаның әрбір екі тоннасынан шитті мақтаның сынамаларын іріктеп алады, шитті мақтаның іріктеліп алынған сынамаларына сынау жүргізеді және шитті мақтаның сапасы туралы куәліктерді ресімдейді. 11. Мақта өңдеу ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай мақта қабылдау пункттері бөлінісінде мақта қабылдау пунктіне шитті мақтаны тапсырған шитті мақта иелерінің тізімін басқармаға береді. 12. Шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі қызметті көрсету фактісі бойынша шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай басқармаға мынадай құжаттарды береді: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілген қызметтің жиынтық актісі; 2) шитті мақтаның сапасы туралы куәліктердің көшірмелері. 13. Басқарма үш жұмыс күні ішінде шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші бюджетік субсидиялар алу үшін ұсынған құжаттарды тексереді және оларды мақта өңдеу ұйымдары ұсынған шитті мақта иелерінің тізімімен қоса қарау үшін ВАК-қа енгізеді. 14. ВАК жеті жұмыс күні ішінде басқарма ұсынған құжаттарды қарайды, шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті әрбір жеткізуші бойынша шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алушылар тізімін (бұдан әрі – тізімдер) жасайды және облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселесіне жетекшілік ететін орынбасарына бекітуге енгізеді. Облыс әкімінің орынбасары тізімдер ұсынылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды бекітеді. 15. Басқарма шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші ұсынған растаушы құжаттардың және бекітілген тізімдердің негізінде үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушіге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості қалыптастырады. 16. Басқарма үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады. 17. Шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушіге, мынадай: 1) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған; 2) құжаттарды ұсыну мерзімі бұзылған; 3) шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілген қызметтің ұсынылған жиынтық актісі шитті мақтаның сапасы туралы куәліктердің көшірмелеріне және (немесе) мақта өңдеу ұйымдары ұсынған шитті мақта иелерінің тізімдеріне сәйкес келмеген жағдайларда, бюджеттік субсидияны төлеуден бас тартылады. 18. Басқарма тиісті жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі мен сараптамасы жүзеге асырылған шитті мақта топтамасының саны туралы есеп береді. 19. Мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасы бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда, шитті мақта сапасының қайталама сараптамасы тараптардың келісімі бойынша шитті мақтаның сапасы туралы куәлік берген шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі зертханада (орталықта) немесе наразылық білдірген тараптың қаражаты есебінен шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі басқа зертханада (орталықта) жүргізілуі мүмкін. 3. Мақта талшығының сапасы сараптамасының құнын толық өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібi 20. Бюджеттік субсидиялар мақта талшығының иелеріне мақта талшығының сапасы сараптамасының шығындарын толық өтеуге арналады. 21. Мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші мақта тазалау зауытында мақта талшығының әрбір бумасынан сынаманы іріктеп алады, іріктеліп алынған мақта талшығының сынамаларына сынау жүргізеді және мақта талшығының сапасы туралы паспорттарды ресімдейді. 22. Мақта өңдеу ұйымдары мақта тазалау зауытында жүргізілген шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеу нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алушылардың тізімін қалыптастырады және ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушіге және басқармаға ұсынады. 23. Мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі қызметті көрсету фактісі бойынша мақта өңдеу ұйымдары ұсынған мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алушылар тізілімдері негізінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілген қызметтің жиынтық актісін жасайды. 24. Мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші бюджеттік субсидиялар алу үшін ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай басқармаға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі; 2) мақта талшығының сапасы паспорттарының көшірмелері. 25. Басқарма үш жұмыс күні ішінде мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші бюджеттік субсидиялар алу үшін ұсынған құжаттарды тексереді және оларды ВАК-тың қарауына енгізеді. 26. ВАК жеті жұмыс күні ішінде басқарма ұсынған құжаттарды қарайды, мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алушылар тізімін (бұдан әрі – тізім) жасайды және облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселесіне жетекшілік ететін орынбасарына бекітуге енгізеді. Облыс әкімінің орынбасары тізімдер ұсынылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды бекітеді. 27. Басқарма мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізуші ұсынған растаушы құжаттардың және бекітілген тізімнің негізінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості қалыптастырады. 28. Басқарма үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады. 29. Мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушіге, мынадай: 1) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған; 2) құжаттарды ұсыну мерзімі бұзылған; 3) мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметтің ұсынылған жиынтық актісі мақта талшығының сапасы туралы паспорттардың көшірмелеріне және (немесе) мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алушылардың тізіліміне сәйкес келмеген жағдайларда, бюджеттік субсидияны төлеуден бас тартылады. 30. Басқарма тиісті жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі мен сараптамасы жүзеге асырылған мақта талшығы сынамасының саны туралы есеп береді. 31. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда, мақта талшығының иесі меншікті қаражаты есебінен өзге сараптама ұйымында мақта талшығының қайталама сараптамасын жүзеге асыруға құқылы. Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша ______________________________________________________________________________ (сынақ зертханасының (орталығының) атауы) _______________________________кезеңдегі шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі Р/с № Көрсетілетін қызметті сатып алушының атауы Сынамалар саны, дана Көрсетілетін қызметтердің бір бірлігінің бағасы, теңге Сомасы, теңге 1 2 3 4 5 Жиыны: Басшы ________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Бас бухгалтер __________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) М.О. 20___ жылғы «___» _______ Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша «Бекітемін» ________________________облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы, мөр) 20___жылғы «___» _______________ 20____жылғы __________________ кезеңдегі шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге субсидиялар төлеуге арналған № _________ ведомость Р/с № Көрсетілетін қызмет- терді жеткізу- шінің атауы Нақты көрсетілген қызметтер, дана Жыл басынан бастап тиесілі субсидиялар сомасы, теңге Жыл басынан бастап төленгені, теңге Тиесілі субсидиялар сомасының қалдығы, теңге Төленуге тиіс, теңге жыл басынан бастап, дана _______ кезеңде, дана 1 2 3 4 5 6 7 8 Жиыны: Төленетін сома ____________________________________________________________________ (жазумен) облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы _____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса, қолы) Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларына 3-қосымша ______________________________________________________________________________ (лицензияланған мақта өңдеу ұйымының атауы) ______________________________ кезеңдегі мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алушылардың тізілімі Р/с № Көрсетілетін қызметтерді сатып алушының атауы Бумалар (сынамалар) саны, дана Бумалар (сынамалар) нөмірлері 1 2 3 4 Жиыны: Басшы _________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Бас бухгалтер ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) М.О. 20___ жылғы «___» _______ Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларына 4-қосымша Мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі Р/с № Мақта өңдеу ұйымының атауы, заңды мекенжайы Көрсетілетін қызметтерді сатып алушы-ның атауы Бумалар (сынама-лар) саны, дана Бумалар (сынамалар) нөмірлері Көрсетілетін қызметтердің бір бірлігінің бағасы, теңге Сомасы, теңге 1 2 3 4 5 6 7 Жиыны: Көрсетілетін қызметтерді жеткізуші __________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы, мөр) Мақта иесі ________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы, мөр) 20___ жылғы «___» _______ Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларына 5-қосымша «Бекітемін» ________________________облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса, қолы, мөрі) 20___жылғы «___» ______________ 20____жылғы __________________ кезеңдегі мақта талшығы сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге субсидиялар төлеуге арналған № _________ ведомость Р/с № Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы Нақты көрсетілген қызметтер, (бумалар сынамалар), дана Жыл басынан бастап тиесілі субсидиялар сомасы, теңге Жыл басынан бастап төленгені, теңге Тиесілі субсидиялар сомасының қалдығы, теңге Төленуге тиіс, теңге жыл басынан бастап, дана _______ кезеңде, дана 1 2 3 4 5 6 7 8 Жиыны: Төленетін сома___________________________________________________________________ (жазумен) облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы ____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса, қолы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 696 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 291-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 30 наурыздағы № 297 қаулыларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 тамыздағы № 938 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 717-құжат). 3. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 604 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 668-құжат). 4. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1639 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 82-құжат). 5. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 сәуірдегі № 350 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 25, 400-құжат). 6. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 988 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 56, 773-құжат).