- Статистика бойынша, сейсенбі – балалардың ең көп дүниеге келетін күні. Ал айлардан – қаңтар, наурыз.
- Ең қызығы дүние есігін жаңа ашқан сәби қызыл мен жасыл түсті ажырата алады, ал көк түсті мүлде көрмейді.
- Жаңа туған нәрестенің жүрегі ересек адамдардың жүрегінен тезірек соғады.
- Канада балалардың құқығы мен еркіндігін сақтау жағынан 1-орында тұр.
- Әлемдегі ең ақылды бала Египетте тұрады. Оның жасы 11-де.
- Ал әлемдегі ең жас әже небәрі 23 жаста.
- Жаңа туылған нәрестеде 270 сүйек болады.
- Сейшель аралдарында балаларды қорғау мерекесі 1 күн емес, 1 ай бойы тойланады екен.
- 3-4 жастағы балалар күніне 900 сұрақ қойып, шамамен 12000-ға жуық сөз айтады.
Саяжан ҚҰДАЙБЕРГЕН,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті