Қоғам • 01 Маусым, 2023

Қазақстанда ұл балалар саны қыздарды басып озды

692 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлттық статистика бюросы қызықты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ұл балалар саны қыздарды басып озды

«Қазіргі уақытта Қазақстанда 16 жасқа дейінгі 6 миллион 162 мың бала тұрады, оның 51,4 пайызы ұлдар, 48,6 пайызы қыздар», делінген бюро дерегінде.

Қалалық жерлерде 3 миллион 664 мың бала тұрса, ауылдық жерлерде 2 миллион 497 мың бала бар.

пт

Өңірлер бойынша қарастыратын болсақ, ең көп балалар саны Түркістан облысына тиесілі - 836 мың. Айта кетсек, Алматы облысында 498 мың бала болса, Алматы қаласының өзінде 592 мың бала тұрады.