Білім • 01 Маусым, 2023

Соңғы қоңырау соғылды

1201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы №71 мектеп-лицейінде оқу жылының аяқталуына арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы қоңырау соғылды

Мектеп директоры Майя Мұқашева оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Түлектерге ұлттық бірыңғай тестілеу мен мемлекеттік емтиханды ойдағыдай тапсыруға тілектестігін білдірді. Сондай-ақ ұстаздар қауымы оларға үлкен сенім артатынын жеткізді.

Биыл №71 мектеп-лицейін 99 оқушы аяқтады. Олардың 12-сі – «Алтын белгіге» үміткер. Алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге қанат қаққан түлектер ұстаздарға алғыс білдірді.

щз

Бұл күні қалалық, республикалық байқауларда топ жарған оқушыларға «Алхыс хаттар» табысталды. Мектеп түлектері тек білім, ғылымда ғана емес, сурет өнері, спорт, музыкадан да көп жетістікке жеткен.

щ

Жоғары санатты ұстаз, педагог-зерттеуші, дарынды оқушылардың жетекшісі Ақырыс Нұрлиева Есіл ауданы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

эз

Сондай-ақ салтанатты кеште Алтын Әшкенова мен Гүлнар Бидильдинова сынды сынып жетекшілері сөз сөйлеп, ақ тілегін жолдады.

ш

ш

щшэ

 

Мерей АУҒАЛИ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті