Президент • 01 Маусым, 2023

Президент «Керуен-Medicus» клиникасының жаңа корпусын аралап көрді

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мекемесінің клиникалық-диагностикалық бөлімшесін аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент «Керуен-Medicus» клиникасының жаңа корпусын аралап көрді

Клиникада ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және стационарлық көмек тек ақылы негізде ғана емес, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында да көрсетіледі. Мекеме 18 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.

Ми

Президент клиника қызметкерлерімен әңгімелесу барысында арнаулы жоғары технологиялық медициналық мекемелер мен орталықтар ашу маңызды екенін атап өтті. 
Рт

Сондай-ақ олардың аса жауапты еңбегіне табыс тіледі.

См