Медицина • 01 Маусым, 2023

Онкологиялық ауруларды емдеудің әдісі

722 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Әлемде өлім-жітімнің себеп-салдары бойынша жүрек аурулары бірінші қатарда тұр. Бұл тізімді оқыс оқиғадан бақилық болғандар және қатерлі ісіктен көз жұмғандар жалғайды. Ресми деректерге сүйенсек, онкологиялық аурудан айықпай, дүние салғандар жылдан-жылға көбеюде. Осыны біліп отырған әр елдің онкологтері қатерлі ісікті мейлінше ерте сатыда анықтап, науқасты емдеп жазудың тың тәсілдерін меңгеруге талпынуда.

Онкологиялық ауруларды емдеудің әдісі

Елімізде онколо­гиядық ауру­ды емдеудің жаңа­ша әдіс-тәсілі тәуелсіздік жыл­дарында енгізіле бастады. Ерте­ректе, тіпті, онко­логия ауруының кейбірін дәрі­герлер тек хирургия­да зерттеп қараған екен. Қа­зір саланың ба­ғыты кеңейді. Онко­ло­гияға қа­тысты нақты генети­калық зерт­теулер, ғылыми жаңа­лық­тар бар. Тікелей қатерлі ісікті ем­дей­тін дәрі-дәрмектер табы­лып жа­тыр. Алайда медици­на да­­мы­ған сайын бұрын естіп-біл­­меген аурудың түрлері кө­бейіп барады. Обыр ауруларын емдеу­де Азия құрлығында ал­дың­ғы қа­тарлы Жапония, Қы­тай, Оң­түстік Кореяға ілесіп ке­ле­ді екен­­біз. Салада хирургиямен қо­са ғы­лымды қатар алып жүр­ген про­фессор-дәрігерлер ха­лық­ара­лық ұйымдармен берік байланыс орнат­қан. Мысалы, Ұлт­тық онкология орталығының бас кеңесшісі Тасболат Әділханов­тың хирургия, онкологияда еңбек ет­ке­ніне биыл 34 жылға жуықтапты. Ол – Аме­рика онкологтері қауым­дас­ты­ғының мүшесі. Еңбек жо­лын­да елдегі радиациялық аймақ­­тар­ды зерттеп, картасын әзір­ле­ген. 2000 жылдары жапон ғалым­дары­мен тізе қосып, Семей полигонын зерттеген. Кейінгі жылдары тәжі­рибелі хирург маман даяр­лау ісіне де араласып, ұстаздық етіп жүр.

– Жапонияның Хиросима, Нагасаки ғылыми орталығындағы профессорлармен онкологиялық ауруларды емдеудің әдіс-тәсіл­дері бойынша бірлесіп зерттеу жүргіз­дік. Семей полигонында 365 жарылыс болғаны белгілі. Қиыны, радиацияның ағзаға, оның қал­қанша безіне, омырау қатерлі ісі­гіне, жүрек ауруы­на әсері бар. Біз соның ішінде өз бағытымыз бойынша қалқанша безінің қатерлі ісігін зерттедік. Науқастардан бұ­рын­дары өкпе қатерлі ісігі жиі анықталса, қазір әйелдерде омы­рау ісігі көп кездесіп жатыр. Ересектер былай тұрсын, онколо­гиялық аурулар жас­тарда да анық­талып жатыр. Жал­пы, қатерлі ісік – көпфактор­лы ауру. Ол тек ра­диациядан туындайды деп байлам жасауға бол­май­ды. Мысалы, қатерлі ісік­тің 10%-ы тұқым қуалайды. Сол се­кіл­ді басқа да себеп-салдары бар. Қуанышымызға қарай, қазір скрининг арқылы қатерлі ісік­ті анықтау біршама жеңілдеді, – дей­ді профессор.

Бізде скрининг бағдар­ламасы 2008 жылы қабылда­нған. Ісікті ерте сатыда анық­тауға мемлекеттен көмек көрсе­тілгеннен кейін ғана емдеу тәсілдері біраз жетілдірілсе керек. Өйткені қазір обыр ауруы бірінші, екінші сатыда анықталса, оның емі нәти­желі болады. Ақпарат үшін айтар болсақ, елде скрининг бойын­­ша үш бағдарлама бар. Оның шы­ғынын Үкімет өтеп отыр. Мұндай бағдарламаны кез келген елдің медицинасы ұсы­на алмайды. ТМД елдері ішін­де тек бізде ғана осындай жеңіл­дік қарастырылыпты. Біраз жыл бұрын Семей­де ядролық медицина орта­лығы ашылды. Енді Ұлт­тық онкология орталығында ядро­­­лық терапия бөлімін ашу жос­­пар­­ланған. Бұл біздің ел­де қал­қанша безінің қатерлі ісі­гін емдеудің мүмкіндіктерін кеңей­теді. Бұрын осы ем үшін науқастар шетел асатын. Ядромен емдеу әдісі орталықтың жақында пайдалануға берілетін жаңа ғи­маратында ашылады екен. Бұл – сәулелік терапияға ұқсас үл­кен технологиялық құрал. Осы­лайша, біз дүниежүзі бойынша Протон орталығы бар жиырмасыншы мем­­­лекет болғалы тұрмыз. Яғ­ни Протон орталығы Орталық Азия­­да тек бізде ғана болады. Ұлт­­тық онкология орталығында ин­но­­вациялық технологиялар деген бөлім бар. Сонда жаңа орта­лық­­та жұмыс істейтін физиктер білімін жетілдіріп, тәжірибе жинап жатыр. Себебі орталықта енді ашы­латын сәулелік терапия­ның кейінгі үлгідегі технологияларын үйрену де жеңіл емес. Тағы бір жаңалықты айтар болсақ, бірнеше жыл бұрын онкологияда рентгенхирургия деген болмаған. Қазір сол құрылғының көмегімен дәрігерлер ісікке төте дәрі қоя алады. Онкологияда көлемді, бірден алуға келмейтін ісіктер болады. Рентгенхирургия арқылы дәрігерлер әуелі ісіктің көлемін кішірейтіп, араға екі-үш ай салып, ісікті алып тастай алады. Науқас­тармен дәрігерлерден бөлек психологтер де жұмыс істейді. Орталық дәрігерлері жыл сайын өңірлерді аралап, аймақтағы дәрігерлерге шеберлік сабағын өткізіп тұрады. Әрине, ұйқы безі, бауыр ісіктері секілді күрделі операцияларды әр өңір­дегі дәрігер жасай алмайтыны белгілі. Себебі Ұлттық онкология орталығында 286 орын бар. Былтыр онда 9 560 пациент емделсе, 5 377 науқасқа операция жасалған. Орта­лықта 166 дәрігер, 300-ден аса медбике жұмыс істейді. Олар­дың әрқайсысы – өз ісін жетік білетін мамандар.

Бұрын медицинада сүт безі қатерлі ісігі анықталған нау­қастың омырауын тұтас кесе­тін болған. Мұндайда пациент депрессияға түсіп, біраз қина­латыны белгілі. Сондықтан қазір медицина да­мығалы хирургтер омырауды толық алмай, ісікті ғана алады. Омырауды тұтас кесу керек болған күннің өзінде, кейін пластикалық операцияға жүгінуге мүмкіндік бар. Мұн­дай күрделі операциялар орта­лықта урологияда да жасала­ды. Қазір мойын қатер­лі ісіктерін емдеуде ілге­­рілеу байқалады. Сонымен қатар жақ, тіл, таңдай, құлақ, мұрын тіпті көзге өсіп кеткен ісік­терді де дәрігерлер қолдан келген­ше емдеп жазады. Мысалы, жуыр­да орталыққа қатерлі ісіктің сор­кома деген түрімен ауырған нау­қас түсіпті. Ісік жауырынның ас­тын­дағы төрт қабырғада өсіп, өкпеге жеткен екен. Дәрігерлер жауы­­рынды көтеріп, төрт қабыр­ғаны алып, қолдан қабырға жасап салған. Күтімі жақсы болса, елуге таяған пациенттің ғұмыры да ұзақ болады дейді дәрігерлер. Қиыны сол, ісік тек шаш пен тырнақта бол­майтынын ескерсек, қатерлі ісікті қай ағзада пайда болып, қашан өршіп кететінін арнайы құ­рал­дарсыз зерттеп білу мүмкін емес.

– Қатерлі ісік ағзаның бар­лық ресурсын өзіне бұрып, өзі­не-өзі жаңадан тамыр жасап алады. Өздігінен ферменттер шығарады. Мұндайда радиологтер сіңіруші тамырдың жолын бөгеп, дәрі салып қояды. Мұны біз неогенез дейміз. Бізде осындай бірін-бірі толықтырып отыратын лабораториялар әлі де ашылады. Мен еңбек жолымды Екібастұзда хирург болып бастадым. Сонда жү­ріп жедел жағдайда қатерлі ісік­пен ауырғандарды жиі анық­тай­­тынбыз. Адамдар аты жаман ауру­ға қалай шалдығады, ауру­­дың алдын алуға бола ма деген ой мазалайтын. Содан 90-жыл­дары мамандар тапшы бола бастады. Сол тұста мені Семей облыстың онкология орта­лығына меңгеруші ретінде жұмысқа ша­қыр­ды. Содан онкологиямен те­реңірек айналыса бастадым, – дейді Т.Әділханов.

Тасболат Алпысбесұлы – «Қа­­­зақстан халқына» қорында ден­сау­лық саласы ко­митетінің төрағасы. Яғни қор арқылы шетелге барып емде­луді көздеген науқастарға қайтарым­сыз қаржы үлестіру ісіне араласады. Білікті дәрігер қорда әуелі сарапшы, кейін орынбасар болған. Аталған комиссия қандай да бір аурудың емі елде бар-жоғын анық­тайды. Егер емі болмаса, шетелде нақ­ты қай ауруханада емде­луге бола­тынын нақтылайды. Бір сөз­бен айтқанда, күрделі патология­сы бар науқастарға өз ісін жетік бі­ле­тін дәрігерлер әр кез жәр­дем­десуге дайын. Бұл, әрине, отан­дық меди­цинаның онко­ло­гия­лық аурулар­ды емдеуде әлеуе­ті артқанын білдірсе керек.