Саясат • 02 Маусым, 2023

Қазақстанда еуропалық капитал құйылған 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Еуропалық Одақпен өзара іс-қимылы 29 негізгі бағыт бойынша белсенді дамып келеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» басшыларының екінші кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда еуропалық капитал құйылған 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді

«Қазақстанның Еуропалық Одақпен өзара іс-қимылы 29 негізгі бағыт бойынша белсенді дамып келеді. Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттермен кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім бар. Қазақстанда Shell, Eni, Total, Air Liquide, Alstom, Siemens және басқа трансұлттық корпорацияларды қоса алғанда, еуропалық капиталдың қатысуымен 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді», деді Президент. 

Президент қос тараптың жан-жақты әріптестігі сирек металдар, «жасыл» сутегін өндіру сияқты стратегиялық маңызды салалардағы перспективалы жаңа уағдаластықтар арқылы дамитынын айтты.

«Алға бастайтын жобалардың бірі – Svevind неміс-швед компаниясының жел және күн электр стансаларын орнату және Қазақстанда үш миллион тонна «жасыл» сутегі өндіру зауытының құрылысын бастауы болды. Бұл ЕО-ның осы өнімге деген қажеттілігінің шамамен 20%-ын құрайды», деді Мемлекет басшысы.