Ғылым • 03 Маусым, 2023

Ғылымды коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсы басталды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үздік ғылыми әзірлемелерге 350 миллион теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Өтініштер 2023 жылдың 30 маусымына дейін қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылымды коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсы басталды

«Ғылым Қоры» АҚ «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың өткізілетінін хабарлады.

Конкурстық құжаттама «Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ (www.gov.kz/memleket/entities/sc?lang=ru), «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – Сараптама орталығы) (www.ncste.kz/ru/competition) және «Ғылым Қоры» АҚ (www.science-fund.kz) сайттарында орналастырылған.

Конкурстық өтінімдер Сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде қабылданады.

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша кеңесті 2023 жылғы маусымның 1-нен бастап маусымның 30-ы аралығында +7(7172)76-85-78 (Сәкен Ә.), 26-63-59 (Керимбаев А.Р.), 76-85-76 (Омаров К.К.) телефондары бойынша (жұмыс күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Астана қ. уақыты бойынша), сондай-ақ маусымның 2-нен бастап маусымның 29-ы аралығында онлайн конференциялар арқылы (сілтеме: Zoom конференциясының идентификаторы: 870 285 8115, қосылу коды: 2023) жұмыс күндері Астана уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін алуға болады.