Сенат төрағасы олимпиадаға қатысушыларды құттықтап, осы үш күнде тартысты ойын көрсеткенін атап өтті.
«Жарысқа қатысушылардың әрқайсысы осы чемпионаттың жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосты және олардың бәрі қазірдің өзінде чемпион екенін дәлелдеді», деді Мәулен Әшімбаев.
Ал Қазақстан бочча федерациясының президенті спортшылардың рухы биік, ерік-жігері мықты екенін айтты.
Боччадан Қазақстан чемпионатына барлық өңірден 47 спортшы қатысты. Жеңімпаздар ұлттық құрамаға қабылданады және Паралимпиада, Азия паралимпиада ойындары, челлендж сияқты ірі халықаралық додаларда Қазақстанның намысын қорғайтын болады.