Әлем • 03 Маусым, 2023

Үндістандағы теміржол апатына кінәлілер қатаң жазаланады

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди елдің шығысында болған теміржол апатына кінәлі  адамдар қатаң жазаланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістандағы теміржол апатына кінәлілер қатаң жазаланады

Одиша штатында  жолаушылар пойызы мен жүк пойызының соқтығысуы салдарынан 288 адам қаза тауып, 1000-ға жуық адам жарақат алды.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, жаралы жолаушылардың барлығы құтқарылып, ауруханаға жеткізілді.

Пойыз апаты неден болғаны әлі белгісіз.

Оқиға орнын қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. 

Айта кейтейік, Үндістанда бұдан бұрын да адам шығынына әкелген пойыз апаттары болған.

  • 1981 ж. маусым: циклон кезінде пойыздың тоғыз вагонының жетеуі өзенге құлап, 800-ге жуық адам қаза тапқан.
  • 1995 ж. Делиден 200 км (125 миль) қашықтықта екі пойыз соқтығысып, 350 адам қаза тапқан.
  • 1999 ж. Калькутта маңында болған пойыз апаты 285 адамның өмірін қиған.
  • 2005 ж. Андхра-Прадештің оңтүстігінде пойыз рельстен шығып кетіп, 77 адам қаза тапқан.
  • 2016 ж. Индор-Патна экспресінің 14 вагоны Канпур қаласының маңында рельстен шығып кеткендіктен 150-ге жуық адам қаза тауып, 150 адам жарақат алған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан Премьер-министріне көңіл айтып, жеделхат жолдады.