Президент • 05 Маусым, 2023

Президент Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысады

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні елордада Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысады.

Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы жоғары әскери оқу орнының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырады.

Сондай-ақ 8 маусымда Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді.

«Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс жолында» атты форумға қатысушылар климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы, энергетикалық қауіпсіздік және басқа да мәселелерді талқылайды.

Мәртебелі қонақтардың қатарында Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Армида Алисджабана, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов және тағы басқалары бар.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форум аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50