Бұл туралы ол Италия чемпионатының соңғы турындағы «Милан» мен «Верона» арасындағы кездесуден кейін хабарлады.
41 жастағы шабуылшы биылғы маусымда жарақатына байланысты 4 ойынға қатысып, жанкүйерлерін 1 ғана голмен қуантқан.
Златан футболдағы мансабын «Мальме» командасында бастаған. Одан кейін Амстердамның «Аякс» клубында ойнап танылды. Италияның ең мықты саналатын «Ювентус», «Интер» және «Милан» клубтарында ойнады. Сондай-ақ ПСЖ (Франция), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Лос-Анджелес Гэлакси» сапында да өнер көрсеткен.
Айта кетсек, Златан Ибрагимович Швеция ұлттық құрамасында болған кезде 122 ойынға қатысып, 62 гол соққан.