Лаура Қарабасова 2008 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша үздік аяқтаған. Кейін Ұлыбритания Уорик университетінде «Білім берудегі көшбасшылық және менеджмент» мамандығы бойынша оқып, гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алды. 2018 жылы Назарбаев Университетінде (Кембридж Университімен әріптестік аясында) «Білім беру» мамандығы бойынша докторантураны тәмәмдаған.
Еңбек жолын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Білім беру бағдарламалары орталығының үш тілде білім беру бойынша аға менеджер ретінде бастаған. Әрі қарай Назарбаев Университетінде Қазақстанның жоғары оқу орындары басшыларын оқыту бойынша жоба менеджері (2014-2015 жж.), «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ-ның Жобалар департаментінде аналитик (2016- 2017 жж.), Назарбаев Университеті, Білім жетілдіру орталығының (Нұр-Сұлтан) Білім беру және кәсіби бағдарламалар департаментінің басшысы (2017-2018 жж.), Назарбаев Университеті, Жоғары білім беру мектебінде постдокторант-зерттеуші (2018-2021 жж.), Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің академиялық мәселелер жөніндегі проректор (2021 ж.) қызметін атқарды.
2021 жылдан бастап Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің Басқарма Төрағасы – Ректоры болып жұмыс істейді.