«Осыдан сегіз жыл бұрын Қарқаралының 190 жылдығына арналған конференциядан кейін «Қарқаралы – Қазылық» кітабымда қала тарихын біздің дәуіріміздің 840 жылынан бастау қажеттігі болжаммен айтылса, енді содан бергі жүргізілген кешенді зерттеулер қорытындысы осы аталған уақыттың дұрыстығын қуаттайды. Сондықтан Қарқаралының тарихын патшалық Ресейдің отарлау мақсатында шығарған бұйрығынан бастап емес, қазақ елінің төл тарихының деректеріне сүйене отырып, оның байырғы тұрғындарының ел болып, мемлекет құрған кезінен, яғни біздің дәуіріміздің 840 жылынан басталса бұл мәселеде де тарихи әділдік орнап, халықтың да қалауы жүзеге асар еді. Сонымен бірге, қазақ еліндегі басқа қалалардың да тарихын анықтауда үлгі болары анық», деп жазды Сатай Сыздықов.
ҰҒА Құрметті академигі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Еуразия тарихы мен мәдениетін зерттеу» орталығының директоры Сатай Сыздықов «Egemen Qazaqstan» газетінің 5 маусымдағы №104 (30583) санында жарық көрген мақаласында Қарқаралы қаласының тарихы 840 жылдан басталатынын атап өткен.
Еліміздегі энергетикалық және коммуналдық секторлар жаңғыртылады
Энергетика • Кеше
Жетісу облысында 57 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше