Кірпінің өзгеше түсі мамандарды да таңдандырып отыр. Атырау қалалық обаға қарсы стансасы эпизоотология және аса қауіпті инфекциялардың алдын алу зертханасының бұрынғы меңгерушісі Федор Сараевтың айтуынша, бұрын кірпінің мұндай түсі кездеспеген.
– Жаңа туған кірпінің басындағы тікені ғана ақшыл түсті болушы еді. Бастапқыда кірпінің тікендері өте жұмсақ, жүн тәрізді болатынын байқап жүрміз. Өйткені бұл – табиғаттың құбылысы. Кірпінің тікенегі анасына зақым келтірмеуі қажет. Тікенек уақыт өте келе сұр түске айналады. Бірақ менің тәжірибемде күлгін түсті кірпі кездескен жоқ, – дейді Федор Сараев.
Ерлі-зайыптылар кішкентай кірпіге су берген. Шөлдеген кірпі суды ішіп алып, өз жөнімен кетіп қалған.
Атырау облысы