Футбол • 05 Маусым, 2023

Жерлесіміз – үздіктер қатарында

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Ресей чемпионаты өз мә­ресіне жетті. Бұл жарыста Санкт-Пе­тербургтің «Зениті» бас жүлдені ол­жала­са, Мәскеудің ЦСКА-сы мен «Спар­тагі» күміс пен қола медальды ие­ленді.

Жерлесіміз – үздіктер қатарында

Біз үшін ең қуанышты жағдай, жеңіс тұғырына көтерілгендер қатарында еліміздің теңбіл доп шеберлері бар. Мәселен, Нұрәлі Әліп «Зенитпен» бірге чемпиондық атаққа қол жеткізді. 23 жастағы қорғаушы өзінің спорттық карьерасын Ақтаудың «Кас­пий» клубында бастады. Содан кейін төрт жыл «Қайратта» ойнады. 2022 жылы ол Нева жағалауында жасақталған команданың жей­десін киді. Сөйтіп, Әліп қатарынан екі жыл Ресей чемпионы атанып, Суперкубокті олжалады.

Сондай-ақ отандасымыз Бақтиер Зай­нутдинов ЦСКА сапында күміс жүлдегер атанды. Ол биылғы чемпионатта 21 рет алаңға шығып, 1 рет гол соқты.