Қылмыс • 05 Маусым, 2023

Криминалистика: Цифрлық зертхана ізденісі

440 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Заманауи инновациялық технологияның дамуы полиция үшін де қылмыстарды ашудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынып отыр. Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігі Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы жобасының шеңберінде жедел-криминалистикалық бөліністердің қызметіне ішкі істер органдарында алғаш рет компьютерлік-техникалық зерттеулер мен жеке басты биометриялық сәйкестендірудің заманауи жүйесін енгізіп жатыр.

Криминалистика: Цифрлық зертхана ізденісі

«Digital Crime Lab» (DCL) – дәлелдемелерді талдауға арналған заманауи цифрлық криминалистикалық зертхана. Ол цифрлық іздерді пайдалану арқылы қылмыстарды тергеп-тексеруге арналған. Зертхана криминалистері екі бағытта жұмыс істейтін болады, атап айтқанда, олар – компьютерлік-техникалық зерттеулерді жүргізу және адамдарды сәйкестендіру жүйесі.

Компьютерлік-техникалық зерттеу­лер­дің мақсаты – компьютерлік құ­рал­­дарды, ақпаратты электрондық та­сы­­­малдағыштарды, бағдарламалық қам­ты­лымды, байланыс құралдарын және ар­найы құрылғыларды (мобильдік телефондарды, планшеттерді, органайзерлерді және т.б.), ақпаратты автоматтық өңдеу құрылғыларын (серверлерді) және теле­ком­муникациялық құрал-жабдықты зерттеу арқылы деректерді алу.

Оның зерттеу нысандары – дербес компьютерлер, оларға және локалдық желілерге арналған әртүрлі операциялық жүйелер, әртүрлі қолданбалы бағдарламалық өнімдер (жалпы мақсаттағы қосымшалар: мәтіндік және графикалық редакторлар, дерекқорларды басқару жүйелері, электрондық кестелер және т.б.), оның ішінде ойын қосымшалары, мультимедиа форматтардағы деректер.

Осылайша, криминалистикалық цифр­лық зертхана қысқа мерзімде күдікті адам­дарды анықтауға, құқыққа қайшы әрекет жасаған адамдарды табуға, құқық бұзу­шы­лықтарды тергеп-тексеру кезінде дәлел­демелік базаны бекітуге мүмкіндік бермек.

Бұл іс-шаралар жасалған құқық бұ­зу­шы­лық үшін жазадан бұлтартпайды және құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алудың үздік тәсілі болып саналады. По­ли­­ция қызметкерлерінің айтуынша, ол ел аза­­мат­­тардың қауіпсіздігін арттырып, халық­­тың полицияға деген сенім деңгейін көтереді.

Бағдарламалық-аппараттық кешендер мен бағдарламалық қамтылымдардың көмегімен ақпаратты қалпына келтіруге болады. Егер сапалы фото, бейнематериалдар ұсынылса, құқық бұзушылық жасаған адамдарды тез анықтауға болады.