Жастар • 06 Маусым, 2023

Өңір жастарына жеңілдік

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жастарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі мен «Отбасы банкі» акционерлік қоғамы бірлесіп қолға алған жоба алғашқы нәтижесін бере бастады. Бағдарлама аясында жеңілдікпен несие алуға қол жеткізген алғашқы 10 жасқа облыс әкімі сертификат тапсырды.

Өңір жастарына жеңілдік

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен – 500 млн, банк тарапынан 250 млн теңге қарас­тырылды.

Наурыз айынан бері жүргізілген ақпараттандыру жақсы нәтижесін көрсетіп отыр. Өйткені бағдарламаға қатысуға 350-ден аса өтініш түскен. Бірақ бағдарлама критерийлеріне сәйкес 75 өтініш қабылданып, соның 69-ы іріктеліп алынды. Өтінімдердің басым бөлігін білім беру саласының өкілдері құрады, яғни, 55 өтініш облыс аумағындағы мектеп, колледж ұстаздарынан, 13 өтінім денсау­лық саласының жас мамандарынан, қалғандары спорт, мәдениет, бұқара­лық ақпарат құралдары мен әлеу­меттік сала қызметкерлерінен түсті.

Қазіргі уақытта «Отбасы банкі»  29 жастың төлем қабілетін растап, несие өтінімін мақұлдады. Олардың арасынан 10 жасқа сертификат тапсырылды.

«Біз алдағы уақытта бағдар­лама ая­сын кеңейтуге шешім қабыл­да­дық. Келесі жылы бағдарлама қа­тысушылары қатарына комму­нал­дық кәсіпорындар жұмыскерлерін, ауыл шаруашылығы саласының жә­не мемлекеттік қызметкерлерді де қо­суды жоспарлап отырмыз», деді об­лыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы сертификат тапсыру салтанатында сөйлеген сөзінде.

Жиында жеңілдікті несиеге қол­­дары жеткен жастардың алғы­сын Жезқазған қаласындағы Абай атын­дағы мектеп-интернаттың геог­ра­фия пәнінің мұғалімі Диас Көпе­шов жеткізді.

 

Жезқазған