Аймақтар • 07 Маусым, 2023

«Кәмпит алып берді»: Алматыда белгісіз ер адам 8 жасар қызды ұрлап әкеткен

376 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысында белгісіз ер адам 8 жасар қызды алдап, қонақүйге апарған, деп хабарлайды Egemen.kz

«Кәмпит алып берді»: Алматыда белгісіз ер адам 8 жасар қызды ұрлап әкеткен

Жеткіншек қыз оқиғаның мән-жайын өзі айтып берді. Оның айтуынша, белгісіз ер адам оны құшақтап, бетінен сүйген.

Кейін күдікті жол бойындағы қонақүйге тоқтап, бөлме сұраған. Дүкенге барып, қобалжып тұрған қыздың көңілін де аулай бастаған.

- «Нұр-Әли» деген қонақүйге кірдік. Қонақүй қызметкеріне 2 000 теңге беріп еді, ол бұл ақша тек 1 сағатқа ғана жетеді деді. Кейін мені таксиде құшақтап, бетімнен сүйді. Маған оның бұл әрекеті ұнамады. Дүкенге тоқтап, маған тәтті сусын мен кәмпит таяқшасын алып берді. Бірақ жүргізуші ағайға айтуға қорықтым, - деді қыз.

Анықталғандай, жеткіншек жазғы лагерьге бармақшы болған. Оны 36 жастағы күдікті жеткізіп тастаймын деп таксиге отырғызған.

Куәгер Күләш Теңелбаеваның айтуынша, қыз ер адамнан қорқып тұрғанын байқаған.

«Қыздың жалтаңдап тұрғанын байқадым. Онымен ақырын сөйлесу үшін үйге алып кірдім. Сонда екеуіміз қызға таласып қалдық. Артымнан қалмай жүріп алды», деді куәгер.

Балам құрбан бола жаздады деген анасы қазір дел-сал күйде. Оның айтуынша, әкесі қызын үнемі шығарып салып, таксиге өзі отырғызып жіберетін.

«Таңертең сағат 09:00-ге таман шығып кеткен. Содан жүрегім сезді ме, білмеймін, хабарласа бастадым. Әлі келмеді деді. Балалармен ойнап қалған шығар деп ойладым. Мұндай жағдайды ешкімнің басына тілемеймін. Осындай әрекетке барған адам ең ауыр жазасын алсын», дейді қыздың анасы Римма Халмұратова.

Күдікті адам ұрлау фактісі бойынша тергеліп жатыр. Алайда жәбірленушінің анасы қызын зорлауға оқталған деп қорқады. Сондықтан тергеудің әділ өтуін қалайтынын жеткізді.