Тағайындау • 08 Маусым, 2023

Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

1564 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Тамара Дүйсенова еңбек жолын 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1988-1992 жж. - Өзбекстан ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы экономика және нормативтер ғылыми-зерттеу институтында экономист.

1992-1993 жж. - Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист.

1993-1994 жж. - «Перизат-холдинг» компания бөлімінің жетекшісі.

1994-1997 жж. – Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары.  

1997-1999 жж. – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 

1999-2002 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 

2002-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.   

2006-2008 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 

2008-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

2013 ж. -  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.     

2014-2017 жж. – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі. 

2017-2018 жж. -  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.     

2018-2019 жж. - «Amanat» партиясының хатшысы.

2019 жылдың 15 шілдесінен бастап -  «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жетекшісі.

2020 жылдың  5 мамырынан бастап  - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2022 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде осы лауазымға қайта тағайындалды. 

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылғанын хабарлаған едік

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50